Лұқманның насихаттары
Хазіреті Лұқманға замандастарының бірі:«Пайғамбарлардан үйренген ілімдеріңізді қортындылап, нәпсі тәрбиесі жайында бізге қысқаша бір сөз айтасыз ба?» деп өтініш жасапты.
Хазіреті Лұқман: «Иә, Пайғамбарлардың ілімдерінен қорытындылап, екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.
Төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде ұмыту.
Төрт қорғайтын нәрселер: Намазда көңілді қорғау керек, халық арасында тілді қорғау керек, жеп ішуде тамақты қорғау керек, біреудің үйіне барғанда көзді қорғау керек.
Ұмытпайтын екі нәрсе: Аллаһтың ұлылығы мен өлетіндігіңді (Ақтык дем).
Ұмытатын екі нәрсе: Өзіңнің біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт, біреудің өзіңе істеген жамандығын ұмыт.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге кұлшынысты арттырады. Өзіне істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осы айтқандарым Пайғамбарлардың ілімдерінен қортындылағандарым.